Black Souls I
Сурет | ![]() |
---|---|
Жасаушы | Белгісіз |
Баспагер | Белгісіз |
Платформалар | Windows 7/8/8.1/10 |
Жанр | Рөлдік ойын, Souls-like, Қараңғы ертегі |
Шығарылған | 27.04.2017 |
Режим | Жалғыз ойыншы |
Қара Жан – Sushi Yuusha Toro әзірлеген, RPG Maker VX Ace негізінде құрылған қараңғы фэнтези мен souls-like стиліндегі рөлдік ойын.
Сюжет
Ойынның басты кейіпкері – қайта тірілген жансыз, ол Ұмытлыған Империяның қамалына қамалып, сол жерде оянады. Жанна д'Арктың көмегімен босатылған соң, оларды бір ұлы Айдаһар өлтіреді. Басты кейіпкер енді жаңа жерде пайда болады, ендігі ол сынаққа толы жолын бастайды. Енді оның мақсаты – Ұмытылған Империяның ішіне еніп, туман арқылы барлығын есінен айырған Күлшеқызды жеңу. Бұл жолда сізге әртүрлі Жындар, құбыжықтармен күресу немесе одақтасу міндеті жүктеледі, олардың әрқайсысы өз аймағында қауіпті құбыжықтар мен сиқырлы тосынсыйлар күтеді.
Ойын процесі
Ойынның механикасы жоғары қиындықтағы "Souls-like" стильде жасалған:
- Жандар жүйесі: Жауларды жеңген сайын, олар қалдырған жандарын жинап, кейіпкердің деңгейін көтеруге және қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік бар.
- Тап таңдау: Ойын басында Рыцарь/Сері (жоғары шабуыл мен қорғаныс), Ұрлықшы (жоғары жылдамдық, бір соққымен жеңу қабілеті) немесе Сиқыршы (сиқыр және төзімділік) табыннан біреуін таңдайсыз.
- Алау/отын мен телепортация: Арнайы алау арқылы денсаулық пен мана қалпына келтіріліп, ойыншы локациялар арасында жылдам қозғала алады.
- Қарғыс жүйесі: Жаман әрекеттер – мысалы, жазықсыздарды өлтіру немесе әйелдерді зорлау – кейіпкердің "қарғыс" деңгейін арттырады, бұл оқиға желісіне әсер етіп, кейіпкерді Қара Сотпен соғысу алып келеді. Ал Қара Сот ол басты кейіпкер сияқты өлімсіз, сондықтанда ойын барысында көп кедергі болады, сондықтанда ешқандай қарғыс жасамайық! ;)
Қосымша контент
Ойын 2 бөлімі бар. Ойынға «The Black Goat of the Woods with a Thousand Young» атты DLC қосымша контент ретінде ұсынылады, ол жаңа тапсырма мен балама аяқталуды қамтиды.
-
Лиф
-
Гримм NPC-мен сөйлесуде